"Қарағанды қаласы әкімдігінің "Қарағанды қаласының…
"Ғ. Мұстафин атындағы ЖББМ" КММ

Қазақ тілін үйренеміз

Жарық
светлый
Сұрақ-жауап
Барлық жауаптар: 69
Жаңа сұрақтар: 10

НЕДЕЛЯ МАТЕМАТИЧЕСКОЙ ГРАМОТНОСТИ

25-30 қаңтар 2021 жыл «Математика айналамызда» математикалық сауаттылық апталығы бойынша 5-7 сыныптар аралығында өткізілген іс-шаралар есебі

 

Іс-шаралар мақсаты:оқушылардың математикалық мәдениетін қалыптастыру, математикалық сауаттылықтарын дамыту және кәсіби шеберліктерін жетілдіру.

Мектепшілік жоспарға сәйкес 5 - 7 қазақ сыныптары аралығында математикалық сауаттылық апталығының төртінші күні сандармен олардың мағыналары туралы «Бір саны қайдан пайда болды» фильмін көру шарасы өткізілді. Қазіргі кездегі барлық санитарлы талаптар сақтала отырып жүргізілген шара оқушылардың қызығушылығын тудырып, белсене ат салысуға ықпал етті. Фильм соңында сұрақ-жауаптар, талқылау жүргізілді.

 

 

29-қаңтар 5-сынып оқушыларымен «Математикалық викторина» атты танымдық ойын сабақ өткізілді. Оқушыларға математикалық жұмбақтар, ребустар, логикалық есептер беріліп, олардың  шешімдері бойынша кубик пішінін құрастыру ұсынылды. Сонымен бірге әр оқушы өзінің дайындаған ребус, сөзжұмбақтарын тауып, математика шеңберіндегі  әртүрлі тақырыптағы  есептік жұмбақтар жасырылды. Ойын қызықты өтіп, оқушылар белсене қатысты.

 

 

6-сынып оқушалары апталық барысында өз жұмыстарын қашықтықтан жүргізді. Аталмыш фильмді ватсап ортақ желісі арқылы тамашалап, жеке жұмыстарында белсене орындады. Математикалық апталыққа қатысты бейнежазба т.б. жұмыстарды жолдады.

 

Апталықтың соңғы күні белсене қатысқан оқушыларға алғыс білдіріліп,  олардың жұмыстары ескерілді.  Содай-ақ оқушылардың пәнге деген қызығушылықтары артып, математиканың адам өміріндегі маңызы туралы танымдары кеңейе түсті.